Қаржылық пирамида белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды
Қандай да бір компанияға қаржы құймас бұрын компанияны осы тізімнен тексеріп алу абзал
Тізім ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Устинка LIVE агенттіктің ақпаратына сүйеніп.
Енді өз қаражатын инвестициялауды жоспарлаған қазақстандықтар компанияның сенімділігін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде де тексере алады.
Айта кету керек, агенттік биыл жыл басынан 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартты, - делінген Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінде.
Еске салайық, инвестиция салмас бұрын компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын ҚМА Telegram-ботынан білуге болады. Жыл басынан қызметке 3511 өтініш түскен.
Азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына (1458) хабарласа алады, - деді агенттіктен.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамида жобаларының тізімі:
QUASAR
Chia Tai Tiahging
Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group
Q-net
Incruises
QazHome
"Life is good" LTD, ПК "Best way" холдингіне кіретін "Hermes management LTD"
Sincere Systems
ЖК-ОTAU KZ
LUXERY
World Business Consulting
GAP
ТОО "Upgrade-AS"
ПК "UBW.kz"
"Antares Trade", "Antares Limited"
Sincere Systems
Innova Gold
"IG Group KZ" ЖШС
Тhe Great Tower
B2B Jewerty
"Семейный Капитал" ЖШС
Robotice
BestRoadInvestment
TheFiniko
"Финстатус" ЖШС и "ПрофитГруп" ЖШС
"AYBA-Жанўя" ЖШС
Тергеу аяқталды (сотта қаралуда):
World Business Consulting
ПК "UBW.kz"
"Antares Limited", "Антерес Трейд"
Sincere Systems
Innova Gold
ЖК-OTAU KZ
Сот үкімі шыққан қаржы пирамидаларының тізімі:
LV Force
Unique Finance
B2B Jewerly
Caspian Cocus
World Business Consulting
Finiko
Investment Consulting Agency
Eden life, MMK Investment
Шаңырақ+ (ТОО Best Road Investment)
River Coins Limited
Денежный поток
Великое будущее
Нұр-жиһаз
Лидер Капитал 168
Нарымбетова
Нарымбетова
ПК Ата-мекен 2021
Айналым 30%, 3 күнде 30%, Асыл инвест
ПК GAP
Табыс
Котел
Раушан касса
"4 кун 70%, 5 кун 70%", "Bay Life", "Бронь", "Bay Life чеки", "Айналым", "Вип чат"
Q-net
"Hermes management LTD"