Антикор "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысын ұстады
Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілініп отыр
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасының ұсталғаны жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Абылай Мырзахметов 2007 жылдан "Атамекен" одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы, 2013 жылдан бері "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.