Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2 жастағы бала терезеден құлап мерт болды

Кеше Қарағандыда 2 жастағы бала 7-қабаттағы терезеден құлап кеткен

Новости Казахстана / 2 жастағы бала терезеден құлап мерт болды
Фото:
depositphotos.com

Кеше Қарағандыда 2 жастағы бала 7-қабаттағы терезеден құлап кеткен

Сәби оқиға орнында жан тәсілім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап. Осы орайда айта кетейік, ШҚО ТЖД жыл басынан бері өңірде де осындай екі оқыс оқиға орын алғанын еске салады. Абырой болғанда, сәбилердің періштелері қағып, аман қалған.

- 2022-23 жылдар аралығында облыста балалардың терезеден құлауының 4 оқиғасы тіркелген, - делінген хабарламада. - Оның екеуі биыл Риддер қаласы мен Алтай ауданында орын алды. Риддер қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатының терезесінен 2021 жылы туған бала құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Алтай қаласында да 2021 жылы туған ұл бала 2-қабаттан құлап, емдеу мекемесіне жеткізілді. Екі оқиғаға да ересектердің салғырттығы себеп болып отыр.

Осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар терезеге міндетті түрде қоршау орнату қажеттігін ескертеді. Қазір күн жылынған шақта көбі терезеге шыбын-шіркейден қорғайтын тор орнатады. Ол тор өте осал. Ал балалар сол торға сүйенемін деп құлап кететін көрінеді.

Следующая →