Бір отбасының бес адамы белгісіз заттан уланған
Алматы облысында төрт балалы отбасының отағасы балаларымен бірге көз жұмып, анасы ауруханада жатыр
Алдын ала болжам бойынша, олар көміртегі тотығымен уланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
4 мамыр сағат 16.00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ге Көлащы ауылында 6 адам белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде, 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қайтыс болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды, - делінген хабарламада. - Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.