ШҚО-да күн суытып, қатты жауын жауады
ШҚО-да түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін
Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Казгидромет" РМК ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда қатты жаңбыр және айтарлықтай суық болады.
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын оңтүстік циклон айқындайтын болады, онымен жаңбыр жауады, найзағай және бұршақ күтіледі, - делінген хабарламада. - 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар.
Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсіл күтіледі. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы +5-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.