Өскемен
облачно
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -28°
  • Қостанай
    -26°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -33°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +11°
$
510.43
+0.68
594.86
+0.19
¥
73.21
+0.14
6.49
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жыл басынан бері Қазақстанға 6 мыңнан астам қандас оралды

Олардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген этникалық қазақтар

Новости Казахстана / Жыл басынан бері Қазақстанға 6 мыңнан астам қандас оралды
Фото:
depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, нақты айтқанда 53,9% – Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден, - делінген ақпаратта. - Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9% және зейнеткерлер 8,3% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18% – жоғары білімді, 38,6% – орта кәсіби білімді, 37,4% – жалпы орта білімді және 5,9% – білімі жоқ.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Қандас 6 мыңнан астам этникалық қазақ