Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау қайта басталады

Қыз-келіншектерге баспана алуға арналған тиімді ипотекалық бағдарламаға өтінім қабылдау қайта басталады

Новости Казахстана / "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау қайта басталады
Фото:
depositphotos.com

"Отбасы" банкі өтінімдерді 10 мамырдан бастап қабылдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл гендерлік бағдарламаны несиелендіруге 15,6 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатты "Азия даму банкі" үшінші транш аясында бөліп отыр.

Сондай-ақ, бағдарламаға биыл айлық табысы 200 мың теңгеден аспайтын қыз-келіншектер де қатыса алады.

Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15% бастапқы жарнамен несие алады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20%-ға жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Ұмай" әйелдер ипотекасының шарттары:

- Бастапқы жарна: Айлық табысыңыз 550 000 теңгеден аспаса - 15%; Егер сіздің табысыңыз 550 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды.

- Бағдарлама бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны 30 млн теңгеге тең;

- Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 14,4% (СЖТМ 15,4% - дан бастап), және алдағы уақытта 3,5% - 5%-ға (СЖТМ 3,6% - дан) дейін төмендейді;

- Несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін;

- Баспананы алғашқы және қайталама нарықтан таңдауға болады;

- Пәтерді жөндеуге берілетін несие көлемі - 3,7 млн теңгеге дейін.

Бұл бағдарламаны іске асыруға "АДБ" бас-аяғы 38 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. 2021 жылы "Ұмай" бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алған болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1 119 қыз-келіншек баспаналы болды.

Следующая →