Қазақстан әскерінің 20 пайызы өзге ұлт өкілдерінен құралған
Жалпы Қазақстанда ынтымағы ортақ мұраттар мен құндылықтармен жарасқан жүзден астам этнос өкілдері тұрады
"Армияның рухы мен күші – бірлік пен ынтымақта" дегенді ұран тұтқан Қарулы күштердің құрамында 20 пайыз өзге ұлт өкілдері қызмет етеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Қарулы күштер қатарында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар, ұйғырлар мен өзбектер, немістер мен кәрістер, беларусьтар мен қырғыздар, грузиндер мен башқұрттар қызмет етеді.
Қазақстан әскері – жауынгердің жеке басын жауынгерлік даярлық деңгейі, кәсіби шеберлігі, жауынгерлік тапсырманы жауапты орындауы және нәтижесі бойынша бағалайтын үлкен ұйымшыл команда.
Қоғамда да, әскерде де бірлік пен келісім – біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетіне байланысты негізгі басымдықтар.