Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауын жолдады

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Фото:
akorda.kz

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған. Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз.

Мемлекетбасшысы еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты екенін, біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткізетінімізді атап өтті.

Халқымыз "Ырыс алды – ынтымақ" дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз.

Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын, ағайын! - делінген құттықтауда.
Следующая →