Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда тағы екі банк пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа банктерді ашу талаптары жеңілдетілмек

Новости Казахстана / Қазақстанда тағы екі банк пайда болуы мүмкін
Фото:
depositphotos.com

Қазір екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк болып құрылуға дайын отырған көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

Қазір микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктер ретінде құрылуы мүмкін. Бізде екінші деңгейлі банк ретінде құрылуға талпынып отырған екі ірі микроқаржы ұйымы бар, олар - KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдарының жеткілікті деңгейі қазірдің өзінде банк ретінде тіркелуге мүмкіндік беріп отыр, - деді Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, былтыр тиісті конвертация жасауға мүмкіндік беретін тиісті заңнамалық түзетулер қабылданған.

Өтініш беріп, банк лицензиясын алуға болады. Жаңа банктердің пайда болуына қатысты тоқталсақ, біз жаңа банктерді ашу талаптарын жеңілдету мақсатында банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлеп жатырмыз. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін, Қазақстанда банк ашуға талпынғандар көбейеді деп санаймыз, - деді Мадина Әбілқасымова.

Следующая →