Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +25°
$
471.83
-3.35
505.66
-5.06
¥
64.89
-0.49
5.4
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Барлығы толықтай 4 күндік жұмыс аптасына ауыспайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіндегі өзгерісті түсіндірді

Новости Казахстана / Барлығы толықтай 4 күндік жұмыс аптасына ауыспайды
Фото:
depositphotos.com

Кейбіреулер Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілетіндігі туралы ақпаратты толық түсінбеген. Осыған байланысты министрліктің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

2013 жылғы 1 шілдеден бастап Еңбек кодексіне өзгеріс енгізіледі. Яғни, 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған.

Министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, Еңбек кодексі бойынша енгізілетін өзгеріс жұмыс апталарын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды. Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезекпен ауыстыру туралы сөз болып отыр.

Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мысалы, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады, - деді Сәкен Ділдахмет.

Бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүр және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Баспасөз хатшысы бұл режимді енгізу қызметкерге жеке және отбасылық қажеттіліктермен жұмыс істеу міндетін үйлестіруге мүмкіндік беретінін айтады.

Мұндай режимде жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы еңбек өтілін және басқа да құқықтарына шектеулер туғызбайды, - дейді ол.

Следующая →