Үкімет Экология министрлігіне қаңғыбас иттер мәселесін шешуді тапсырды
Өткен аптада ҚР Президенті еліміздегі қаңғыбас иттер мәселесін көтерген болатын
Осыдан кейін Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Олардың бірі қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты болды, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Экология министрлігіне бұл мәселені шешуге халықаралық тәжірибені ескере отырып қарау және заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеу тапсырылды.
19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында Мемлекет басшысы бұл мәселеге тоқталып, осы бойынша үнемі арыз-шағымдар түсіп жатқанын атап өтті.
Маған барлық облыстардан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар келіп түседі, онымен құзырлы органдардың ешқайсысы айналыспайды, барлығы тиісті заңға сүйенеді. Бірақ осы жолмен жүрсек, жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін. Иә, жануарларға қамқорлық жасау керек. Бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты агрессиясына жол беруге болмайды. Ал қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Шара қабылдаңыздар, - деді Тоқаев.