Кез келген жерден саңырауқұлақ пен жидек тергендер салық төлейді
Қазір тек орман мен ерекше қорғалатын аумақтардан теретіндер салық төлейді
Жаңа ереже келесі жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйеніп.
2024 жылдан бастап қазақстандықтар саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық төлейді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында өсімдік, жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ жинаған кезде ғана салық төленеді. Ал 2024 жылдан бастап кез келген жерден жинағандар да салық төлейтін болады.
Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады. Өсімдіктердің жабайы түрлерін жинау кезінде алынады, - делінген ақпаратта.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары өсімдік түрлерін, өсімдіктің жабайы түрлерін жинаудың бір келісі үшін төлемақы мөлшерін белгілейді. Сондай-ақ, төлемақы сомасын есептейді.Өсімдіктердің жабайы түрін жинайтындар өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.