Петропавлдағы сепаратистік ұйымның белсенділері қамауға алынды
СҚО-да өздерін КСРО-ның мұрагерлері деп атаған "Халық кеңесі" тобы белсенділері сепаратизмді насихаттаған
Наурыз айының аяғында Петропавлда "Халық кеңесі" тобының жиналысында түсірілген видео интернетте тарап, халық арасында шу тудырған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE. Осыдан кейін ұйымға қатысты сараптама жүргізілген. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бүгін сараптама нәтижесі шыққанын және топтың үш белсендісінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша ҚР-ның біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады. Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
Ал ұйымның жиналысына қатысқа басқа тұлғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр.