Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстаннан жанармай тасып жүрген 57 жүргізуші жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілген

Новости Казахстана / Қазақстаннан жанармай тасып жүрген 57 жүргізуші жауапқа тартылды
Фото:
редакция мұрағатынан

Осы мақсатта 10 сәуірден бастап Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатып алған көліктерге баса назар аударады.

Бұл құқықбұзушылық үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару). Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21 әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды, - делінген мәліметте.

Бұдан бұрын Түркістан облысында Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталған.

Следующая →