Сирияда болған қазақстандық содырдың қызы елге қайтарылды
2019 жылдан бері 518 кәмелетке толмаған бала елге қайтарылған болатын
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен.
Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.
Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі, - делінген хабарламада.
Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.