Қылмыстық топ жетекшісі “жастар тәрбиесімен” айналысқан
Ол тіпті осы мақсатта “қайырымдылық қоғамдық қорын” құрған-мыс
Таразда тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл топ бұған дейін де бірнеше рет бопсалауға, қылмыстық текетірестерге, қала мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерден қарыздарды қайтаруға қатысқаны үшін Таразда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел қызметкерлерінің назарына іліккен.
Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып “қайырымдылық қоғамдық қорын” құрған. Ол өзінің қылмыстық беделін “әділеттілікті жақтаушы” – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Өз қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық “қамқорлығы” үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Бұған келіспегендерге күш қолданған.
Полицияға топтың тоғыз мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, қаңтар оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінен ұрланған Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді. Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.