Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?
Мамыр айында қазақстандықтар 3 бірдей мерекені атап өтеді
Фото:
depositphotos.com
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні.
1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.
7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына дүйсенбі 8 мамырда демалыс.
Әрі қарай 9 мамыр күні тағы демаламыз.
Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:
- бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
- алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.