Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Ұлттық ұланының академиясына қабылдау басталды

Мұнда өз болашағын әскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастар үшін мол мүмкіндіктер қарастырылған

Новости Казахстана / ҚР Ұлттық ұланының академиясына қабылдау басталды

Бұл ел мен жерді қорғауға қалтқысыз қызмет ететін Ұлттық ұлан сапына жоғары әскери–арнайы бiлiмдi офицерлердi дайындайтын жалғыз оқу орны. Ол Петропавл қаласында орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқу орны 17-24 жас аралығындағы азаматтарды қабылдайды. Академияға түскісі келетіндерге қойылатын талап қандай және офицер мамандығының артықшылықтары жайында аталмыш академия түлегі, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі капитан Ерасыл Ынтықбаев айтып берді.

2011 жылы Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясына оқуға түстім. 4 жыл казармалық үй-жайда білім алып, 2015 жылы тәмамдадым. Өз қызмет жолымды Ақтөбе қаласында 6655 әскери бөлімінде рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып бастадым. 2019-2021 жылдары Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінде осы лауазымда қызмет етсем, 2021 жылдан бері Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде қызметімді жалғастырып жатырмын, - дейді Ерасыл Ынтықбаев.

Оның қызметі әскерилермен тәрбие, моральдік-психологиялық жұмыстар жүргізу.

Менің қызметім - Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздарды моральдік-психологиялық тұрғыдан әскери өмірге дайындау, - дейді капитан Ынтықбаев. - Мәселен, жалпы әскери жарғы талаптары бар, өзіндік күн тәртібі бекітілген. Сарбаздар соған бағынуы керек. Біз жас сарбаздарды осыған психологиялық тұрғыдан дайындаймыз, бейімдейміз. Одан өзге, тек Ұлттық ұланның мерзімдік қызметке шақырылған сарбаздары ғана емес, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер және офицерлер бар. Олардың да қызметі мен тапсырмаларды дұрыс орындауы үшін жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, академия ұлттық ұлан әскеріне тактикалық басшылық; тәрбие және әлеуметтiк–құқықтық жұмысына тактикалық басшылық; әскердi ракета–артиллериялық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық; тылмен қамтамасыз етуге тактикалық басшылық; автомобильдi әскерге тактикалық басшылық сынды мамандықтар бойынша офицерлерді дайындайды. Яғни, оқу орнына қабылданғаннан бастап әркім өзі қалаған бағыт бойынша тереңдетіп білім алып шығады.

Оқу бітіргендер бакалавр дипломымен бірге "лейтенант" әскери шешін алып шығады. Сондай-ақ, міндетті түрде жұмыспен қамтылады, оқу орны курсантты қызметке өздері бағыттайды. Қазір мерзімдік қызметті өз туған өлкеңде өтеуге болады. Сол сияқты биылдан бастап академия түлектері де өз туған жерінде қызмет етуге мүмкіндік алады. Яғни, шығыстың тумасы болсаңыз, басқа өңірге бармай-ақ шығыстағы Ұлттық ұлан бөлімдерінде қызмет етуге құқылысыз, - деп түсіндірді Ерасыл Ынтықбаев.

Ескере кететін басты талап – академия түлектері он жылға әскери қызметтi өтеу туралы келiсiмшартқа тұрады. Негізі курсанттар академияда 4 жыл тегін білім алады. Ал егер оқу орнын бітірген соң, 10 жыл қызметін өтеуден бас тартса, сол оқыған жылдарының ақысын төлеуі қажет болады.

Академияда тиiмдi оқуға және сапалы жоғары бiлiм алуға қажеттi жағдайлар жасалған. Әскери жатақханалар толық жабдықталған, кітапханалар, спорт залы, стадион, атқыш тир, клуб, далалық оқу орталығы, лазарет, асхана және басқа да қажеттi объектiлер бар. Оқу мерзімі бойы курсанттар үш мезгiлдi тегiн тамақпен, киiм-кешекпен, қажеттi оқу әдебиеттерiмен қамтамасыз етiледi, - дейді Ерасыл Маратұлы. - Жыл сайын емтихан мен сынақтарды сәтті тапсырған курсантар мен тындаушыларға (жазда 30 тәулiкке және қыста 14 тәулiкке) каникулдық демалыс берiледі. Жазғы кезекті демалысқа барып келу жолақысын да академия төлейді.

Капитан Ерасыл Ынтықбаевтың сөзіне сүйенсек, Ұлттық ұлан академиясының статистикасы бойынша, бұнда білім алуға баратындардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысынан келеді. Одан кейін Солтүстік Қазақстанның жастары, үшінші орында шығысқазақстандықтар екен.

Академияға түсу оңай емес. Өзіндік шарттары мен талаптары бар. Институтқа Қазақстан Республикасының жасы мына шамадағы орта бiлiмдi азаматтары қабылданады:

1) әскери қызметті өтемеген, оқуға түсер жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспайтын азаматтық жастардың құрамындағы адамдар;
2) жиырма төрт жасқа дейінгі әскери қызметті өтеген азаматтар және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер;
3) жиырма төрт жасқа дейінгі келісімшарт бойынша әскери қызметті өтеп жүрген әскери қызметшілер.

Әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарын бітірген тәрбиеленушілердің әскери оқу орнына түсу мүмкіндігі басым.

Абитуриент арнайы емтихандардан өтеді.

ҰБТ нәтижесі ескеріледі, барлығы дене шынықтыру нормативтерін тапсырады, міндетті түрде медициналық куәландыру жүргізіледі. Оқуға түсу бойынша сұрақтар туындаса, жөн сілтеп, бағыт-бағдар беруге дайынбыз, - дейді Ерасыл Маратұлы.

Академияға түсуге қатысты толық ақпаратты 87783112239 нөміріне хабарласып, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі капитан Ынтықбаев Ерасыл Маратұлынан алуға болады.

Құжаттар 10 маусымға дейін қабылданады.


Следующая →