Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәжілісте ШҚО мен Абай облыстарының жолдарын жөндеу мәселесі көтерілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарын жөндеу мәселесін көтерді

Новости Казахстана / Мәжілісте ШҚО мен Абай облыстарының жолдарын жөндеу мәселесі көтерілді
Фото:
редакция мұрағатынан

Депутат өзінің Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына жолдаған сауалында екі облыста біраз жылдан бері жауыр болған мәселені шешу қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халықпен кездесулер өткізгенде жол жөндеу мәселесі жиі көтерілді. Мысалы, "Қалбатау – Майқапшағай" және "Қалбатау - Аягөз - Үшарал" республикалық маңызы бар жол учаскелерін жөндеу осы күнге дейін толық аяқталмаған. Бұл жолдар халыққа қиындық туғызып отыр. Әсіресе, Үшбиік – Аягөз 92 шақырым аралығындағы жолда жүру қиынға соғуда. Сонымен қатар, "Семей-Қайнар" және "Қарағанды-Аягөз-Боғас" республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмысы тоқтап қалған, - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Нұртай Сәбильянов

Сондай-ақ, ол Аягөз ауданының Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолдың жағдайы өте нашар, тозғанын атап өтті.

Осыған байланысты сізден "Қалбатау – Майқапшағай" және "Қалбатау – Аягөз - Үшарал" республикалық маңызы бар жол учаскелерін жөндеуді аяқтап, "Семей – Қайнар" және "Қарағанды-Аягөз-Боғас" республикалық маңызы бар жолдарды толық жөндеуді, Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді сұраймыз. Сонымен қатар, осы жолдарды жөндеуге бөлінетін қаражаттың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету керек, - деді Мәжліс дептутаты.

Следующая →