Қостанайдағы Президент резиденция оңалту орталығына айналады
Қостанай облысындағы Президент резиденциясы балаларға берілетін болады
Амангелді ауылының тұрғын алабында орналасқан Президенттің бұрынғы резиденциясында енді балалар оңалтудан өтетін болады, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс тобы психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған облыстық резиденция базасында оңалту орталығын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Жаңа орталық денсаулықты жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсететін болады. Енді оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнге дейін ұзартылады, - деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.
Қазір облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бір ғана оңалту орталығы бар. Облыста психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған екі мыңға жуық бала тізімде тұр.
Оңалту орталығы жыл сайын 1,5 пен 18 жас аралығындағы кем дегенде 900 баланы қабылдай алатыны атап өтілді.
Орталықта логопед, дефектолог, реабилитолог жұмыс істейді. Балалар массаж, жаттығу терапиясы, гидротерапияны ала алады.