Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар сайлауға қалай қатысады?

Бұндай азаматтар өзі тұратын аумақтағы сайлау учаскесіне уақытша тіркеле алады

Новости Казахстана / Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар сайлауға қалай қатысады?

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сайлау күні дауыс беретін азаматтардың белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі болмаса, онда олар өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады. ХҚКО мамандары азаматтарға тіркелу мәселесі бойынша қызмет көрсетеді.

Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады. Осылайша, қазақстандықтар өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, қалаған кандидаттарын таңдауына мүмкіндік туады, - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ақпаратында.

ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін рәсімдейді. Сондай-ақ, егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады. Бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады.


Следующая →