Қазақстанда ет бағасы 20-30%-ға қымбаттауы мүмкін
Қазақстан Бразилиядан етті едәуір арзанға алып отыр. Бірақ енді 1 жыл Латын Америкасынан ет алмайтын болды
Фото:
depositphotos.com
Латын Америкасында ірі қара малынан ауру табылған, деп хабарлайды Устинка LIVE inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол себепті Қазақстан енді 1 жыл бойы Бразилиядан сиыр етін импорттамайды.
Онда жануарға губка тәрізді энцефалопатия диагнозы қойылғаны туралы ақпарат тараған.
Енді сарапшылар елде ет 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Өйткені Қазақстан Бразилиядан сиыр етін едәуір арзанға сатып алып отырған көрінеді.