Түркиядан оралған құтқарушылар марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан құтқарушыларды марапаттады
Министр Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, АМО қызметкерлеріне салтанатты түрде марапаттарын тапсырып, Президенттің алғысын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
Барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер ҚР Президентінің Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.