Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Арзан иіссу иіскетіп, адамдарды өлтіріп жүр" - жалған ақпарат

Өскемендіктердің WhatsApp желісіне арзан иіссу сатып жүргендерден сақтану керектігі туралы ақпарат келіп жатыр

Новости Казахстана / "Арзан иіссу иіскетіп, адамдарды өлтіріп жүр" - жалған ақпарат
Фото:
depositphotos.com

Хабарламада украин азаматтары қалалар мен ауылдарды аралап, арзан иіс сулар саып жүргені айтылады. Ал сол иіс су сынамаларын иіскегендер өлетін көрінеді. stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

2023 жылдың ақпан айының ортасында осы сияқты ақпарат Ресейдің әртүрлі қалаларында таралды. Кейіннен бұл ақпаратпен белоруссиялық пайдаланушылар да бөлісті.

Алдымен хабарламаның саяси астары болды, онда Луганск тұрғындары Ресей немесе Беларусь қалаларында улы парфюмерия сатады деп айтылды. Бұл ақпарат расталған жоқ. Полицейлер мұндай фактілер тіркелмегенін хабарлады. Бұл ақпаратты Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызметі де жоққа шығарды. Ол ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Кейіннен улы иіс сулар туралы ақпарат аздап өзгертіліп, чаттарда таратылды. "Қазақстандық" нұсқада қала атаулары алынып тасталып, мәтіннің өзге бөлігі өзгеріссіз қалған.

Әрине, бірнеше рет теріске шығарылған ақпаратқа сенбеген жөн. Улы әтір сулар туралы хабарламалар – фейк.

Следующая →