Түркия мен Сирияда ерлік көрсеткен құтқарушылар марапатталды
Төтенше жағдайлар бойынша министрліктің 17 қызметкері медальдарға ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия мен Сириядағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін қазақстандық құтқарушылар марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Оларға ІI дәрежелі "Айбын" ордені, "Құрмет" ордені, "Бірлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды.
Сонымен қатар, 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.