Бүгін Алматы маңында екі рет жер сілкінді
Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, ал Алматыға дүмпулер сезілмеген
Бүгін Алматыдан 278 және 279 шақырым қашықтықта 2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Устинка LIVE halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Біріншісі 27 ақпанда Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеді.
Екіншісі 05 сағат 58 минут 05 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі сезілмеген.