Алматылықтар бүгін жер сілкінісін сезді
Таңертең Тәжікстан аумағында 7 балдық жер сілкінісі болды, ол Алматыға да сезілді
Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06.37-де сейсмикалық стансалар желісі арқылы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Тәжікстан аумағында 7 балдық жер сілкінісі болды. Ал Алматы мен Шымкент қалаларында жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілген.
1 сағаттан кейін магнитудасы 5,6 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы да Тәжікстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде орналасқан.
Әзірше қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.
Осы орайда айта кеткен жөн, ҚР ТЖМ Алматыда ықтимал жер сілкінісі кезінде халыққа көмек көрсететін 380-нен астам пункт құрылғанын мәлімдеді.
Алматы ТЖД қызметкерлері ҚР Парламентінің сенаторларына ауқымды ТЖ (жер сілкінісі) туындаған жағдайда қалада баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт орналастырылатынын айтты. Олар уақытша орналастыруды жинауға, тіркеуге, зардап шеккен халықты қажетті заттармен қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған, - делінген хабарламада.