Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да интернет арқылы жасалатын алаяқтық көп тіркелген

Өткен жылы республика бойынша 20 444 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

Новости Казахстана / ШҚО-да интернет арқылы жасалатын алаяқтық көп тіркелген

Шығыс Қазақстан облысы орын алған 1309 факті туралы белгілі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы өткен аптада Ішкі істер министрлігінің брифингісінде мәлім болған.

Киберқылмыстардың басты ерекшелігі мен бар қиындығы – оның халықаралық байланыс желісі арқылы қашықтық талғамай, мемлекетаралық шекараларды "аттап" кететіндігінде болып тұр. Оның үстіне компьютерлік қылмыскерлер іс-әрекетке барарда аты-жөні мен жұмыс орнын, компаниясын бірнеше рет өзгертіп, мың түрлендіретін арнайы бағдарламалық жасақтамаларды қолданады. 2022 жылы жалпы ел бойынша 20 444 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Интернет қылмыстың үштен бірі онлайн-сауда кезінде жасалады. Әдетте, алаяқтар әлеуметтік желіде, белгілі бір сайттарда алдын ала жарнамаларын орналастырады. Мұндай жарнамалардан азаматтарымызға өте сақ болу керек, - деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев.

Оның дерегінше, интернет-алаяқтық қылмыстары мына өңірлерде көп тіркелген:

- Астана - 4397 факті;

- Алматы - 2284 факті;

- Қарағанды облысы - 1786 факті;

- Шығыс Қазақстан облысы - 1309 факті.

Следующая →