Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлытау облысының төлтаңбасын қайта таңдайды. Абай облысынікі ше?

Былтыр жаңа құрылған облыстар конкурс арқылы өздерінің төлтаңбаларын таңдап алған болатын

Новости Казахстана / Ұлытау облысының төлтаңбасын қайта таңдайды. Абай облысынікі ше?

Бірақ Ұлытау және Абай облыстарының жаңа төлтаңбалары көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі.

Абай облысы әкімдігі бұл наразылықтарға құлақ аспаса, Ұлытау облысының әкімдігі төлтаңбасын ауыстыратын болды.

imgonline-com-ua-Resize-mlVC6udClr.jpg


Кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатынын өңір әкімдігі мәлімдеді.

Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды, - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook-парақшасында.

Еске салайық, 18 қаңтар күні өңір әкімдігі төлтаңбаны таңдау конкурсының нәтижесін жариялаған болатын. Конкурсқа республиканың түпкір-түкпірінен 130-ға жуық ұсыныс түскен. Барлық эскиздер 2022 жылғы 12-18 желтоқсан аралығында арнайы ұйымдастырылған көрме аясында Жезқазған тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған.

Ұлытау облысының төлтаңбасын тұрғындар Instagram-да танымал парақшалардың бірінде дауыс беру арқылы таңдаған. Нәтижесінде ұлытаулық дизайнер, Еуразия дизайнерлері одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтің жұмысы жеңіске жеткен.

Төлтаңбаны таңдау бойынша арнайы комиссия да құрылған. Оның құрамына өңірге танымал ғалымдар, суретшілер, тарихшылар және құрметті ардагерлер енген.

Следующая →