Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия кімдерге бұйырды?
Мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашыл тұлғаларға және жастарға еліміздің руханиятын қалыптастыруға, дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Астана және Алматы қалаларында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, 2022 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны салтанатты табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл 75 адам Мемлекеттік стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Күләш Ахметова, Ханбибі Есенқарақызы, Ақұштап Бақтыгереева секілді көрнекті ақын-жазушылар, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты өнер қайраткерлері бар.
Сонымен қатар, Ерлан Жүніс, Самал Еслямова, Фархат Молдағали және тағы да басқа жас дарындарға қолдау көрсетілді.