Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы 31 том құжат жиналған

Елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс жүргізуде

Новости Казахстана / Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы 31 том құжат жиналған
Фото:
akorda.kz

Мемлекет басшысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық таныстырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылды.

Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Следующая →