ШҚО-да 11 адам қар құрсауынан шығарылды
Кеше ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты қалаға жете алмай қалғандарға құтқарушылар көмекке келді
Мәселен, Глубокое ауданындағы 11 адамды құтқарушылар "Шерп" автокөліктерімен үйлеріне жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар Қостанай облысында 14 адамды, оның 5-і бала; Шығыс Қазақстан облысында 11 адамды; Қарағанды облысында 2 адамды қар құрсауынан құтқарды, - делінген ҚР ТЖМ ақпаратында.
ШҚО-дағы 11 адам Глубокое ауданының Волчиха ауылында қала сыртындағы үйде болған. Өңірде бір аптаға жуық қар жауғаннан және қарлы бораннан кейін олар өз бетінше үйлеріне орала алмаған. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері "Шерп" автокөліктерімен көмекке келді. Барлық азаматтар үйлеріне аман-есен жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады.