Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Енді қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 70 мың теңгедей айыппұл төлейді

Қазір бұндай бұзақылық үшін ары кетсе 18 мың теңге көзделген. Алдағы уақытта бұл сома айтарлықтай артады

Новости Казахстана / Енді қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 70 мың теңгедей айыппұл төлейді

Яғни, Қазақстанда қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл 4 есе өспек, деп хабарлайды Устинка LIVE Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құрымбаев айтқан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда балағат сөз айту, адамдарды қорлау мен қудалау, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту, қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады, - деді Азамат Құрымбаев онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде мұндай заңбұзушылыққа 5 АЕК (17 250 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.

Кодекске енгізілген жаңа редакцияда айыппұл көлемі мен қамауға алу мерзімі айтарлықтай өскен: 20 АЕК (69 мың теңге) немесе 5-30 тәулікке дейін қамауға алу.

Биыл 3 қаңтарда президент заңға енгізілген түзетулерге қол қойған. Ол 60 күннен соң күшіне енеді.

Следующая →