Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы ғалымдардың жалақысы қанша?

Қазіргі уақытта 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей қаржыландырылады

Новости Казахстана / Қазақстандағы ғалымдардың жалақысы қанша?
Фото:
редакция мұрағатынан

Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Саясат Нұрбек еліміздегі ғалымдардың ең жоғары жалақысы 1,5 млн екенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ғалымдарымыз үнемі тұрақты жалақы алмағандығы белгілі. Жалақы конкурстардың нәтижесіне байланысты. Ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңге болды. Бұл – экономикадағы орташа жалақының тек 72 пайызы ғана. Бүгінде жұмыс істеп, жарияланымдары шығатын барлық жетекші ғалымның жалақысын 72 пайызға арттырдық. Жетекші ғалымдарымыз гранттардың нәтижесіне тәуелді болмауы үшін іргелі ғылымдарды базалық қаржыландыру форматын қайтардық. Қазіргі уақытта 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей қаржыландырылады, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің атап өтуінше, ғалымдардың жалақысы айтарлықтай өсті.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, бүгінде жалақы – 257 мың теңге, ал ең жоғары жалақы – 1,5 млн теңге. Ғылымды қаржыландыруды 3,5 есеге арттырдық. Егер ғылымды қаржыландыру 2022 жылы 58 млрд теңге болса, биыл 158,6 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы 244 млрд теңге, 2025 жылы 240 млрд теңге болады. Ғылымды қаржыландыру шамамен 800 млрд теңге болуы тиіс. Осы деңгейге шығу үшін жоспарымызда бар, - деді ол.

Следующая →