ҚР-да сертификаты жоқ 16 мыңнан астам пиротехника анықталды
Жаңа жыл қарсаңында отшашуды қолдану кезінде күйік шалудың 15 фактісі тіркелді
25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы күндері полицейлер мен ТЖД қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалардың айналымына және оның қауіпсіздік ережелерін сақтауына қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Осы аралықта Қазақстанда 16 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехника тәркіленді.
Осы күндері полицейлер мен ТЖД қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалардың айналымына және оның қауіпсіздік ережелерін сақтауына қадағалау жұмыстарын жүргізді. Мәселен, пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ӘҚБтК-ның 196-бабы (Заңсыз сауда) бойынша – 829, ӘҚБтК-ның 436-бабы бойынша (Бөлінбеген орындарда қолдану) – 11, ӘҚБтК-нің 483-бабы бойынша (Сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) 2 адам бар, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында отшашуды қолдану кезінде күйік шалудың 15 фактісі тіркелді, оның ішінде зардап шеккен 6 кәмелетке толмаған бала бар. Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде үйдің ауласында ер адам екі кәмелетке толмаған баласымен бірге отшашуды қолданған кезде ерні мен қолынан термиялық күйік алған.
Тағы бір оқиға Астанада Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан балкон өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пәтер иесі полицияға жүгінбеді. ЖПІШ өткізу кезеңінде барлығы 16 400 бірлік сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.