Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ҚР-да КВИ-мен күреске 87,8 млрд теңге бөлінген

Оның 10,5 млрд теңгесі вакциналар сатып алуға, 77,3 млрд теңге медициналық ұйымдарға жұмсалды

Новости Казахстана / Биыл ҚР-да КВИ-мен күреске 87,8 млрд теңге бөлінген
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде айналымда жүрген Омикрон штамының ерекшелігі науқастардың 96 пайызына жуығы емханада емделеді. Тек қана 3-4 пайызы ғана ауруханаға түседі. Стационарға түскендері – екпе алмағандар, созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер. Олар КВИ ауруы бойынша жоғары тәуекел тобына кіреді, - деп жауап берді ведомство өкілі тілшілердің сауалына.

Спикердің сөзінше, бүгінде 1,5 мыңға жуық адам коронавирустық инфекциядан емделуде. Оның ішінде 300-і стационарда, ал қалғаны емханаларда ем қабылдап жатыр. 14 адам реанимацияда жатыр.

Коронавирус ешқайда кетпейді. Вирус қоршаған ортада өзінің орнын алды деуге болады. Ол тұмау және ЖРВИ сияқты жыл сайын тіркеліп отырады. Осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияның маусымдық таралу ерекшелігі әлі де түсініксіз. Мысалы, тұмау мен ЖРВИ маусымы қазан-сәуір аралығы болса, КВИ-де әлі анық емес. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық жыл бойы тіркеледі. Қазақстанның мысалында қарастыратын болсақ, елде КВИ сырқаттанушылығының өсуі жаз мезгілінде, одан кейін жылдың соңында, яғни желтоқсан-қаңтар айларында болады, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, бас санитария дәрігері Қазақстан халқына балаларды адам көп жиналатын жерлерге апармауды сұрап үндеу жолдады.

Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мерекесі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар, - деді Айжан Есмағамбетова.

Следующая →