Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы рейстер көбеймек
Екі ел мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету үшін рейсер санын көбейтпек
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.
Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды, - делінген хабарламада.