Биыл Қазақстанға 5,6 млн шетелдік келген
Олардың көбі, яғни, 3 млн-ға жуығы көршілес Ресейден келгендер
Одан өзге, Өзбекстан мен Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келгендердің үлесі көп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ақпаратына сүйеніп.
2022 жылы Қазақстанға 5 600 000 шетелдік келді. Көбі Ресей азаматтары – 2 900 000. Өзбекстан – 2 300 000, Қырғызстан – 730 000, Тәжікстан азаматтары – 330 000. Қазіргі кезде Қазақстанда 650 000 шетелдік уақытша тұрады. 90%-ы аталған елдерден, - дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
Қазақстанға келген ресейліктердің 3,5 мыңы тұрақты тұруға өтініш білдірген. Ал 965-і азаматтық алуды өтінген.
ІІМ хабарлауынша, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік бар. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.