Енді үздік дәрігерлерге 1000 АЕК көлемінде төлем беріліп отырады
Сондай-ақ, "Мамандық үздігі" республикалық конкурсы өткізілетін болады
Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина немесе фармацевтика қызметкерлеріне қатысты жазалауды жеңілдету ұсынылып отырғанын айтқан.
Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға, құрметті атақтар беруіне бағытталған, - деді Ажар Ғиният.
Құжат аясында жылына бір рет 1000 айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы төлем беріле отырып, медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті 3 атағын бекіту ескерілген.
Сонымен қатар, "Мамандық үздігі" республикалық конкурсы өткізіледі. Бұл тұрғыда 500 айлық есептік көрсеткіш сомасында 17 жеңімпазға біржолғы ынталандыру төлемақысы берілмек.