Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Енді үздік дәрігерлерге 1000 АЕК көлемінде төлем беріліп отырады

Сондай-ақ, "Мамандық үздігі" республикалық конкурсы өткізілетін болады

Новости Казахстана / Енді үздік дәрігерлерге 1000 АЕК көлемінде төлем беріліп отырады
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина немесе фармацевтика қызметкерлеріне қатысты жазалауды жеңілдету ұсынылып отырғанын айтқан.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға, құрметті атақтар беруіне бағытталған, - деді Ажар Ғиният.

Құжат аясында жылына бір рет 1000 айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы төлем беріле отырып, медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті 3 атағын бекіту ескерілген.

Сонымен қатар, "Мамандық үздігі" республикалық конкурсы өткізіледі. Бұл тұрғыда 500 айлық есептік көрсеткіш сомасында 17 жеңімпазға біржолғы ынталандыру төлемақысы берілмек.

Следующая →