Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Асанәлі Әшімов: "Үйретуге емес, үйренуге келдік..."

Әшімовтің театрын шығысқазақстандықтар ыстық ықыласпен қарсы алды

Новости Казахстана / Асанәлі Әшімов: "Үйретуге емес, үйренуге келдік..."
Фото:
ШҚО драма театрының баспасөз қызметінен

Театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театры екі күн бойы Өскемен қаласының тұрғындарына ұмытылмас эмоциялар сыйлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Еңбек Ері, КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толған болатын. Осы мерейтойы аясында актер өз шәкірттерімен бірге қазақ елін гастрөлдік сапармен аралап жүр. Ұжымның Шығыс Қазақстандағы сапары қыстың алғашқы аязына түсіпті. Дегенмен өнерпаздар мен өнерсүйер қауымның қауышуына шыңылтыр аяз кедергі келтірген жоқ. Асанәлі Әшімұлының шәкірттері облыстық драма театр сахнасында екі күн бойы көрермендерге үздік қойылымдарын тарту етті. Иоган Штраустың әлемге әйгілі "Жарқанат" опереттасына негізделген жеңіл және әсем музыкалық комедиямен бірге "Король лев" ("Арыстан патша") спектаклі және театр әртістерінің өз туындысы "Соңғы қоңырау" рухани поэтикалық қойылымы көрермен жүрегінен орын алғаны сөзсіз. Ал соңғы күні залды лық толырған қойылым - «Тағдыр тақтасы». Ол аңыз адам Асанәлі Әшімовтің өмір және өнер жолына негізделген деректі драма.

Ұжымның шығысқа сапарына демеушілік жасаған - «Казцинк» ЖШС.

«Казцинк» ЖШС өз әлеуметтік қызметінде мәдениет саласына көп көңіл бөледі, - дейді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. - Әсіресе, мемлекеттік тілдегі классикалық өнерге. Аты аңызға айналған Асанәлі Әшімовтің келуін зор құлшыныспен қолдадық. Ол – театр өнері мен кинематографиясының дара тұлғасы, оның шығармашылығы күллі қазаққа жақсы таныс. Қойылымдар өскемендіктер үшін зор шабыт көзіне айналғанына сенімдімін.

imgonline-com-ua-Resize-QmeakuVrpXlw.jpg

Ал Асанәлі Әшімовтің өзі шығыстың шығармашылығында орны ерекше екенін айтады.

Оңтүстік, батыс өңірінен кейін, шығысқа жолымыз түсіп отыр. Сіздерді үйретуге емес, үйренуге келдік. Театрдың басты мақсаты – көрерменмен тығыз қарым-қатынас орнату. Бізге бағыт-бағдар сілтеуші, баға беруші – халық. Көрерменге қажетті маңызды тақырыптарды қозғайтын қойылымдарды алып келдік, - дейді Асанәлі Әшімов. - Жалпы, менің шығармашылық жолым осы өңірден басталған. Алғаш түскен «Асау Ертіс жағасында» фильмі 1956 жылы Бұқтырма су қоймасының жағасында түсірілген болатын.

Сол кездегі жиырмадағы жігіттің абыз ақсақалға айналғанға дейін шығысқа талай рет келгені анық. Алайда «Жаңа ғасыр» театрының қыз-жігіттері шығысқа алғаш рет келіп отыр екен.

imgonline-com-ua-Resize-8l6gBmSPcwuFmf.jpg

Айта кеткен жөн, «Жаңа ғасыр» 2018 жылы құрылған жас театр.

Өнер академиясын бітірген Асанәлі ағаның шәкірттеріміз. Бізде «Қазақтың мықты тұлғасында неге театр жоқ?» деген сұрақ туындайтын. Барлығымызда Асанәлі Әшімовтің театры болып қалыптасу туралы ортақ арман болып, сол арманның жетегінде театр болып құрылдық. Жас театр болғаннан кейін қуаныштарымен қатар қиындықтары да қатар келе жатыр. Бірақ біздің театр қиындықтан қашпайды. Өйткені оңай жерде ештеңе жоқ, - дейді «Жаңа ғасыр» театрының актері Қуаныш Құдайберген.

Театрда отыздан астам актер бар. Олар гриммді де өздері салып, киімді де өздері тігіп, декорацияны да өздері құрады екен. Өздері актер, өздері режиссер, биді де өздері қояды. Бір сөзбен айтқанда – бесаспап ұжым. Құрылғанына бес жыл болған театр репертуарында оннан астам қойылым бар. Биыл тағы үшеумен толықпақ.

Асанәлі Әшімов – қазақ өнерінің майталманы ғой. Оның шәкірттері де болашақтарынан зор үміт күттіретін мықты актерлер боларына сенеміз, - дейді көрермендердің бірі Күлпаш Сайлаубекқызы. - Шығыс жұртына рухани азық сыйлағандарына алғыс айтамыз. Әсіресе, «Тағдыр тақтасы» қойылымы ерекше әсер етті. Қазақтың маңдайына біткен талай біртуар азаматтар бұл дүниеден ерте озып кетті. Солардың барлығын бір сәт еске алып, көзімізге жас алдық.



Следующая →