ҚР-да қай қалалардағы ЖЭО жекеменшік?
Энергетика министрлігі Қазақстан аймақтарындағы жылу электр станцияларының меншік нысандарын жариялады
Ведомство мәліметінше, елімізде 10 мемлекеттік жылу электр орталығы болса, оның бесеуі квазимемлекеттік. Қалған 22 ЖЭО — жекеменшік, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекеттік ЖЭО:
- "Теплокоммуэнерго" (Семей);
- "Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны";
- ЖЭО-5 "Кентау сервис" (Түркістан облысы);
- Орал ЖЭО "Жайықжылуэнерго" АҚ;
- "Арқалық жылуэнергетика кәсіпорны";
- ЖЭО-4 "Таразэнергоорталық" АҚ;
- "Шахтинскжылуэнерго" ЖШС (Шахтинск ЖЭО);
- ЖЭО-1 "Астана-Энергия" АҚ;
- ЖЭО-2 "Астана-Энергия" АҚ;
- "Кызылордажылуэлектрорталық".
Квазимемлекеттік ЖЭО:
- ЖЭО-1 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-3 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-2 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-1 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау);
- ЖЭО-2 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау және Маңғыстау облысы).
Жекеменшік ЖЭО:
- Балқаш ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
- Жезқазған ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
- ЖЭО - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС;
- "Өскемен ЖЭО" ЖШС;
- Петропавл ЖЭО-2 "СевКазЭнерго" АҚ;
- "Риддер ЖЭО" АҚ;
- ЖЭО-ПВС - "Арселормиттал Теміртау" АҚ;
- ЖЭО-2 "АрселорМиттал Теміртау"АҚ;
- ЖЭО - "Текелі энергокешені" ЖШС;
- ЖЭО-1 "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС;
- ЖЭО-2 "Павлодарэнерго" АҚ;
- "Согра ЖЭО" ЖШС (Өскемен);
- Рудный ЖЭО - "ССГПО" АҚ;
- "Атырау ЖЭО" АҚ;
- ЖЭО-1 "Қазақстан алюминийі" АҚ ERG (Павлодар);
- "Степногор ЖЭО" ЖШС;
- ЖЭО-3 "Павлодарэнерго" АҚ;
- ЖЭО "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС;
- ЖЭО-3 "Қарағанды энергоцентр" АҚ;
- ЖЭО-3 "3-Энергоорталық" АҚ ERG (Шымкент);
- "Ақтөбе ЖЭО" АҚ;
- ГРЭС-1 Bassel Group LLS ЖШС (Теміртау).
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр.