Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сайлау күні бүлік шығармақ болған топ анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура көмегімен Президент сайлауы күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті

Новости Казахстана / Сайлау күні бүлік шығармақ болған топ анықталды
Фото:
ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметінен

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Алматыдағы арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды. Топтың әрбір мүшесінің ролі нақты бөлінген, қылмыстық жоспар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесу барысында талқыланған, - делінген хабарламада.

Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен "Молотов коктейльдерін" лақтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.

Жасырын орындар ұйымдастырылып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар - Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақталған.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Следующая →