Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқушылар смартфонды сабақта 30 минут қана ұстайтын болады

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті оқушылардың сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеуді ұсынуда

Новости Казахстана / Оқушылар смартфонды сабақта 30 минут қана ұстайтын болады

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған.

Мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы - 25-30 минут. Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы керек. Аталған бұйрықтың 21-тармағына қосымша «объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жай сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады» делінген редакция жазылсын, - деп көрсетілген құжатта.

Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:

  • мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды;
  • 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды;
  • 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
  • 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
  • 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.


Следующая →