Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жақында JAMBYL.175 JYL монеталары сатылымға шығады

100 теңгелік JAMBYL.175 JYL коллекциялық монеталарынан 1500 дана шығарылмақ

Новости Казахстана / Жақында JAMBYL.175 JYL монеталары сатылымға шығады
Фото:
ҚҰБ сайтынан

"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан JAMBYL.175 JYL коллекциялық монеталары 17 қарашадан бастап сатылымға шығады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық банк ақпаратына сүйеніп.

Монеталар ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

JAMBYL.175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті екеніне назар аударды ҚҰБ.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар, - делінген ҚҰБ таратқан ақпаратта. - Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсынан ақынның "Артықша туған азамат" өлеңінің жолдарын оқуға болады. Жиегінде JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары айналдыра басылған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Следующая →