Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар сайлауға бармай ма?

Тұрғылықты тірекеуі болмаған азаматтар бір күнге тіркеуге тұра алады

Новости Казахстана / Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар сайлауға бармай ма?

Қазақстанда 20 қараша күні президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтардың дауыс беруге мүмкіндігі барекенін мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына толықтыру енгізді. Оған сәйкес, тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар сайлау күні дауыс беру учаскесіне келіп, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұра алады. Солайша, президент сайлауында дауыс беру құқығына ие болады.

Сайлау құқығын іске асыру және азаматты "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі, - деп толықтырылған Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 17-тармағы.

Аталған қаулы жобасы 30 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болды. 22 қазанда оған қол қойылды және бүгінде қолданысқа енгізілді.

Өскемен қаласының әкімдігі 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты қала тұрғындарын электрондық қызмет көрсету орталығының порталында тіркелу мекенжайы бойынша сайлау учаскесін тексеруді сұрайды https://e-vko.gov.kz/ru/Voters/Index.

Электрондық қызметтер орталығының порталында өз деректеріңіз болмаған жағдайда, телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7232) 268965, 8 (7232) 241211.

Следующая →