Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алматы облысында 97 полиция қызметкері құмар ойын ойнаған

Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, әр облыс пен басқармалардан келген 305 мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезінде ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтаған болатын

Новости Казахстана /  Алматы облысында 97 полиция қызметкері құмар ойын ойнаған

Ойын бизнесіне қатысы бар барлық полиция қызметкерлеріне тексеру жүргізілді. Іс жүзінде 88 полиция қызметкері анықталды. Ал, Алматы облысы прокуратурасының мәліметі бойынша, 97 полиция қызметкері анықталған. Олардың 17-сі бұрын ішкі істер органдарынан босатылған. «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптары бойынша ойын бизнесімен айналысқан қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қолданылды, - делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ ІІМ барлық басшылықпен және ішкі істер органдарының қызметкерлерімен заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Дегенмен, Ішкі істер министрлігі аталған 88 қызметкердің кім екенін, қандай қызмет атқарғанын, жылдық жалақысы қанша, ойынханада қанша ұтылғанын айтудан бас тартты.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тергеу тек қазіргі қызметкерлерге ғана емес, бұрынғы қызметкерлерге де қатысты жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысуы анықталды. Жылдық табысы 3 миллион теңгеден аспайтын Қазақбеков Д.А. «Бомбей» ойынханасына 76 рет барып, 15 миллион теңге жұмсаған. Жылдық табысы 1,5 млн теңгені құрайтын Бақытов А.Б. «Astoria» казиносына 13 рет барып, 23 млн теңге көлемінде қаржы жаратқан, - делінген прокуратураның құжатында.



Следующая →