Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық жеңіл атлеттердің бірі допингпен ұсталды

Ол енді 4 жыл спорт жарыстарына қатыса алмайды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрама командасы көшбасшыларының бірі Виктория Ан (Зябкина) допингпен ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE Халық үні сайтына сілтеме жасап. Ол тыйым салынған препаратты қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді.

Допингке қарсы ұлттық орталықтың хабарлауынша, жеңіл атлет Виктория Ан 2021 жылдың ақпан айында тыйым салынған препаратпен ұсталған. Енді ол 2021 жылдың 11 мамырынан 2025 жылдың 11 мамырына дейін жеңіл атлетикадан жарыстарға қатыса алмайды. Оның допинг сынамасынан метастерон табылған.

Виктория Ан - спринттен әйелдер құрамасындағы үздіктерінің бірі. Қысқа қашықтықтарға жүгіруден бес дүркін Азия чемпионы атанған. Универсиаданы үш рет жеңіп алған.

Ол тегін Ан деп өзгертіп, жарыстарға қатысқан. Метастерон табылғаннан кейін жарыстарға қатыспаған.

Следующая →