Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

АҚШ Қазақстанға 1 миллион доза вакцина жібермек

АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын жібергелі отыр

Новости Казахстана / АҚШ Қазақстанға 1 миллион доза вакцина жібермек
Фото:
редакция мұрағатынан

Ашық НҚА порталында ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісім жобасы жарияланды.

Осы келісім бойынша АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын жібергелі отыр.

Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балаларға арналған. АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес, Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.

Келісімге сәйкес, бұл гуманитарлық көмек тек қазақстандықтарды вакциналауға беріледі. Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады.

Еске сала кетсек, 26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылаған.

Следующая →